Ферғанада өзін өртеген зауыт қызметкері қайтыс болды

10 тамызда Ферғана ауруханасында мұнайды қайта өңдеу зауытының жұмысшысы, 47 жастағы Санобархан Хайдарова көз жұмды. Бұл жайында жергілікті басылымдар хабарлады.

Ол өзін өртеу арқылы жұмыстан шығарылғанына наразылық білдірген. Өзбекстанның бас прокуратурасы бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Осыған дейін зауыт өкілдері Санобархан Хайдарова босатылмағанын, тек куәлігін ұмытып кеткені үшін кеңсеге кіргізілмегенін айтқан.

Бірақ әйелдің туыстары оны жұмыс орнынан күшпен қуып жібергенін айтқан. Санобархан Хайдарова оларға өзін өртейтінін ескерткен екен.

Марқұмның төрт қызы бар, олардың кішісі 9 сыныпта оқиды. Санобархан Хайдарованың күйеуі екі ай бұрын құлап, мүгедек болып қалған.

Ферғана мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары осыған дейін де айлық жалақының аздығын және жұмыстан заңсыз шығаратынын айтып наразылыққа шыққан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий