Филиппинде әскери ұшақ апатқа ұшырап, ондаған адам қаза болды

Соңғы мәліметтер бойынша Филиппиннің оңтүстігінде әскери ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 45-ке жетті. Ресми билік олардың үшеуі ұшақ құлаған жерде жүрген бейбіт тұрғындар екенін растады.

Ақпаратқа сәйкес, бортта 96 жауынгер бар «Локхид C-130 Геркулес» әскери ұшағы 4 шілдеде бас қала Маниладан мың шақырым қашықтағы Холо аралына құлап түскен. Ұшақ әуежайға қона алмай, қайта көтеріліп бара жатқанда құлағаны хабарланды.

Әскери ұшақ Холо аралынан 600 шақырым қашықтағы Лагуиндинган аймағынан ұшып шыққан. Борттағы жауынгерлердің көбі жақында ғана әскери жаттығуын аяқтап, Филиппиннің оңтүстік аудандарындағы исламшыл көтерілісшілерге қарсы күресу үшін аттанған. Аймақтағы армияның өкілі, генерал Корлето Винлуан әскери ұшақтың шабуылға ұшырауы мүмкіндігін теріске шығарды.

Апаттан аман қалған жауынгерлер ауруханаға жатқызылды. BBC хабарлағандай, борттағы бірқатар жауынгер жерге жақын қалғанда секіріп кетуге әрекет еткен.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий