Филиппиндегі бұрынғы полиция қызметкері 300 адамды өлтіргенін мойындады. Фото: kp.ua
Ол «жаппай қырып-жою» операциясын сол кездегі Давао қаласының мэрі болған қазіргі президент Родриго Дутертенің кезінде жасаған.
Хабарланғандай, Филиппин Ласканас Даваоның мэры Родриго Дутерте болып тұрған шақта оның тікелей бұйрығын орындаған. Ол арнайы топ құрып қылмыскерлердің көзін сотсыз жоюды тапсырған сынды. Қылмыскер соңғы қылмысын 2015 жылы жасаған.
Ол 6-шы наурызда жеке өзі 300 шақты адамды өлтіргенін мойындады. Соның ішінде 200-ге жуығын арнайы «қырып-жою» командасына кірген сәтте жер жастандырған. Сондай-ақ, Ласканс қазіргі президентттің оппонентін де өлтіргенін мойындады. Ал, бұл туралы нусқаулықты Дутерте күзетінен алғанын айтуда.