Француз азаматы 50 жыл бойы мисыз өмір сүріп келген

Көрнекі фото: © gursesintour.com

Адам мисыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Алайда 2007 жылғы Lancet журналынан француз азаматының өмірі жайында жазылған материал табылды. Онда ер адамның осы уақытқа дейін мисыз өмір сүріп келгені анықталған деп жазады Алаш айнасы.

44 жастағы ер адам ауруханаға келіп, сол аяғының әлсіз екенін айтып шағымданған. Дәрігерлер оны тексеріп, бас сүйегінің артқы бөлігінен ірің толып кеткен ісікті тапты. Яғни бас сүйек жұлын сұйықтығына толып, ми затының аз ғана бөлігі қалған.

Белгілі болғандай, Франция азаматы кішкентай кезінде гидроцефалиядан – ми қарыншалары мен ми қабығы астында сұйықтықтың жиналуынан зардап шегіпті. Алайда, оған мидан артық сұйықты алып отырған шунт орнатылып, 14 жасында алынып тасталған.

Бұдан кейін ер адам өзгелер сияқты өмір сүріпті. Ол үйленіп, екі баланың әкесі атанған. Атап өту керек, оның IQ деңгейі 75-ті көрсетеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий