«Үлкен жетілікке» мүше елдер Вильнюсте өткен саммитте Украинаға арналған қауіпсіздік кепілі жөнінде құжат қабылдады.
Бұл декларация Киевке ұзақ мерзімді көмек көрсетуге кепілдік береді. Ең бастысы Украинаны қазір және болашақта да Ресей агрессиясынан қорғау. G7 Украинаны заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етуге және оны қолдануды украин әскерилеріне үйретуге міндеттеме алады.
Бұдан бөлек «үлкен жетілік» соғыстан зардап шеккен Украина экономикасын қолдауға, энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін болады.
Сонымен бірге G7 Украинаны еуроатлантикалық өмірге айналдыру үшін билікті демократизациялау реформасына көмектеседі.
Егер болашақта Ресейдің Украинаға агрессиясы қайталанатын болса, G7 Киевке шұғыл түрде әскер және экономикалық көмек көрсетеді. Ал оның шығыны Ресейден талап етіледі.
Ал Украина өз кезегінде демократияны, адам құқығы мен сөз бостандығын қолдайтынын дәлелдеу үшін реформа жүргізуді міндетіне алады. Киев экономикасын даму жолына қойып, армиясына демократиялық бақылау орнатуы қажет.