Украинские солдаты забирают тело гражданского мужчины с улицы в Харькове. Он был, как утверждается, убит выстрелом из проезжавшей мимо российской военной автомашины, прорвавшейся в город. 27 февраля 2022 года
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Карим Хан Украинадағы әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы бағытталған қылмыстарды тергейтін іс ашылатынын мәлімдеді.
Ағылшын заңгері Хан командасына куәгерлерді жинау мүмкіндігін қарастыруды тапсырғанын айтты.
Бұның алдында Литва Гаага сотын Ресей мен Беларусьтің Украинада әскери қылмыс жасаған-жасамағанын тексеруге шақырған. Литва премьер-министрі Ингрид Шимонитенің мәлімдеуінше, «Путиннің жасап жатқаны әрекеттері – тек қана кісі өлтіру, ол Гаагада жауап береді деп үміттенемін».
Ресейдің кассеталы бомбалар қолданғанын растайтын куәгерлер көбейді. Олар Харьковтағы тұрғын үйлер дәл осындай бомбамен атқыланды деп отыр.