2 қыркүйекте кешке Германиядан Өзбекстанға коронавирустан емдейтін Казиривимаб/Имдевимаб препаратының 10 000 дозасы гуманитарлық көмек ретінде жеткізілді. Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жүктің жалпы құны — 20,6 млн евро. Гуманитарлық жүкті Ташкент әуежайында медицина қызметкерлері мен дипломаттар күтіп алды.
Министрліктің мәліметінше, дәріні швейцариялық Roche компаниясы әзірлеген. Препарат — COVID-19-ға қарсы «антидене сусыны» іспеттес, вирустың жаңа штаммдарымен күресе алатын жалғыз дәрі.
«Зерттеулер препараттың коронавирус жұқтырғандардың ауруханаға жатуы мен өлім көрсеткішін 70 пайызға төмендететінін көрсетті», — делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.