Германия елінен тәжік азаматтарын шығарып жатыр

Акция протеста сторонников таджикской оппозиции в Берлине

Германиядан саяси баспана алғысы келіп жүрген Тәжікстанның оншақты азаматы өздерін еліне депортациялайды деп қауіптенеді.

Олардың бесеуі – Тәжікстанда тыйым салынған Исламның жаңғыруы партиясының мүшелері. Олар елге жіберсе, бізді азаптау мен түрме күтіп тұр дейді.

«Полиция қызметкерлері ағамның үйіне басып кіріп, әйелімен бірге полиция бөлімшесіне алып кетті. Саяси баспана сұрадық дегеніне қарамастан, 11 тамызда оларды Стамбұл арқылы Душанбеге жіберді», — дейді Саодатшо Сафаров есімді тәжік босқыны Азаттық радиосына.

Ағасы оған полиция өкілдерінің қолында 37 тәжік азаматының тізімі бар екенін ескерткен.

2015 жылы Тәжікстан азаматтары Еуропаға қаша бастады. Сол жылы ресми Душанбе «Группа 24» және Исламның жаңғыруы партиясы қызметіне тыйым салған. Оларды жақтайтындардың ішінде көптеген журналистер, құқық қорғаушылар және діни өкілдер бар.

Германиядан саяси баспана іздегендер «депортациялау кампаниясы» Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон ГФР-ға жұмыс сапарымен барғаннан кейін басталғанын айтады.

Енді бірі былтыр неміс арнайы қызметі Германия аумағында террористердің тобын құрып жатыр деген күдікпен бес тәжік мигрантын ұстап, қылмыстық жазаға тартқан. Ресми мәлімет бойынша, олар Германия аумағындағы америкалық әскери базаға шабуыл жасауды жоспарлаған.

Тәжікстан соңғы аптада Германия 8 тәжік азаматын елінен депортациялағанын мәлімдеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий