Германия үкіметі дамушы елдерге AstraZeneca вакцинасының 30 млн дозасын береді.
Тәжікстанға осы вакцинаның 100 мың 800 дозасы жолданады. Бұл туралы 9 тамызда Берлинде ГФР үкіметі ресми өкілінің орынбасары Ульрике Деммер (Ulrike Demmer) мәлімдеді. Оның айтуынша, Германия осылайша 21 мамырда Римде денсаулық сақтау жөніндегі ғаламдық саммитте қабылдан шешімді жүзеге асыра бастайды.
Деммердің мәлімдеуінше, дамушы елдерге вакцина жеткізу COVAX бағдарламасы аясында жүзеге асады. Препарат әуелі Тәжікстан, Өзбекстан, Судан, Эфиопия және Ауғанстанға жеткізіледі.
Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, елде бір миллионға жуық адам екпе салдырды.