Өгей әкесі зорлап тастаған он жасар қызға түсік тастауға рұқсат етілмек

Жүктілік. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Үндістанда өгей әкесі зорлап тастаған он жасар қыз жүкті болып қалды. Жүктіліктің бірталай мерзіміне жетіп қалған қыздың өміріне қауіп төніп тұр. Бұл туралы NUR.KZ порталы rt.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістанның соты қыз баланың түсік тастауына рұқсат ету мәселесін қарастырып жатыр. Жүктіліктің бесінші айына жеткен қызды өгей әкесі бірнеше рет аяусыз зорлапты. Белгілі болғандай педофил сонымен қатар қыздың туған әкесінің ағасы екен.

Өкінішке қарай, қыздың түсік тастайтыны да, түсік тастамауы да оның өміріне бірдей қауіп төндіріп тұр.

«Сот екі жағдайдың қайсы қыз баланың өмірін сақтап қалуға көбірек мүмкіндік беретінін бағалайтын болады«, — дейді дәрігер Прашант Кумар.

Негізі жүктіліктің 20-аптасынан кейін түсік тастауға заңмен тыйым салынған. Алайда жүктілік анаға қауіп төндірсе, бұл тыйым алынып тасталады.

Айта кетерлігі, Үндістанда кәмелетке толмаған балалардың зорлану мәселесі өршіп тұр. Осы жылдың қаңтарында ғана ақыл-есі дамымай қалған 12 жасар қызды мектеп директоры мен үш мұғалім жабыла зорлағаны елді дүрліктірген болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий