фото:nur.kz
Желіде он жасқа жасартатын шай мен Головкиннің күшін беретін көже сатқан келіншек хит болды деп хабарлайды NUR.KZ.
«Головкиннің соққысын беретін көже, енем берген қара қазанға піскен дәу-дәу бәліш, он жасқа жасартатын шай мен кофені ешкімнің ерні тимеген стақаннан беремін», — деп жар салған базардағы саудагер келіншектің «жарнамасы»елді күлкіге қарық қылды.
Олар келіншектің тапқырлығына тәнті болып, «маркетингтің қадамды» осы әйелден үйрену керектігін айтты.