Грузия Орталық сайлау комиссиясы Саакашвили партиясының жеңіле бастағанын хабарлады

Глава оппозиционного «Единого национального движения» Никанор Мелия

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлаудың екінші турының алғашқы нәтижелерін хабарлады.

Жарияланған хаттамаларға қарағанда Грузияның ірі қалаларында биліктегі «Грузин арманы» партиясының кандидаттары озып тұр.

Тбилисиде «Грузин арманы»— 55,6%, «Ұлттық қозғалыс» — 44,4%, Руставиде «Грузин арманы»— 54,3%, «Ұлттық қозғалыс» — 45,7%, Кутаисиде «Грузин арманы» — 52%, «Ұлттық қозғалыс» — 48%, Потиде «Грузин арманы» — 57,35%, «Ұлттық қозғалыс» — 42,65%, Батумиде «Грузин арманы» — 51,1%, «Ұлттық қозғалыс» — 48,9%, Зугдидиде «Грузин арманы» — 52,2%, «Ұлттық қозғалыс» — 47,8% пайыз дауыс алған.

Оппозиялық «Ұлттық қозғалыс» Цаленджиха (Самегрело, Батыс Грузия) қаласында ғана жеңіп, 51.75% дауыс, ал «Грузин арманы» – 48.25% дауыс алған.

Грузияда 30 қазанда муниципалды сайлаудың екінші туры өтті. Грузия азаматтары 15 муниципалитет пен өзін-өзі басқаратын 5 қала – Тбилиси, Батуми, Кутаиси, Поти, Руставидің мэрлерін және 24 округтен мажоритарлы жолмен сайланатын 42 депутатқа дауыс берген.

Бұл сайлауда қазір биліктегі «Грузин арманы» партиясы мен Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясының бастамасымен құрылған «Біріккен оппозиция» негізгі бәсекелес болды.

Украинадан астыртын оралып, 1 қазанда қамауға алынған Саакашвили бостандық талап етіп бір айдан бері аштық жариялап отыр. Ол сайлау алдында отандастарын сайлауға белсенді қатысуға шақырған.

— Тірі қалатыным, я өлетінім сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты,-дейді ол адвокаты арқылы жариялаған мәлімдемесінде. Бұған дейін ол «бостандыққа шыққанша аштығын жалғастыра беретінін немесе өлетінін» ескерткен.

Сайлау күні бірнеше учаскеде бәсекелес екі партия бақылаушылары мен «қолдаушылар» арасында кикілжің болған. Оппозия өкілдері сайлаушыларға қысым жасау, сатып алу фактілері болды деп мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий