Грузияда Қазақстан журналисі Жанбота Төлеген өлтірілген. Бұл ақпаратты журналист Нәзира Дәрімбет әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Мұны Қазақстан мен Грузияның ішкі істер министрліктері растаған.
«Жанботаның Грузияда 21 мамырда Грузияда өлтірілгенін сыныптастары хабарлады. Бұл қалай болй болғаны? Ол жақта қайдан жүр?» – деп жазды Нәзира Дәрімбет.
Ол Жанбота Төлегенмен бір жоба бойынша істес болғанын, соңғы рет 19 мамырда сөйлескенін хабарлаған. Одан кейін байланыс болмаған.
24 мамырда Грузия ішкі істер министрлігі Кахетия полициясы күдікті адамды ұстағанын хабарлаған. Күдікті Сагареджо муниципалитетіндегі жанжал кезінде танысы Жанбота Төлегенді қатты затпен ұрып өлтірген.
Қазақстан ішкі істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, журналист Грузияға кәсіби қызмет бабы бойынша емес, жеке шаруасымен барған