Гуанчжоуда наразылықтан кейін коронавирус шектеулерін жеңілдетті

Қытайдың Гуанчжоу билігі жаппай наразылықтан кейін коронавирус шектеулерін алып тастады.

Қазір Қытайдың көптеген қалаларында, университеттердің кампустарында наразылық жалғасып жатыр.

Халықтың карантин шектеулеріне деген наразылығы бірнеше ай бойы қалыптасты. Үрімжіде өрт шығып, он адамның қаза табуы осы наразылықтың әрекетке ұласуына түрткі болды.

Тұрғындар өрт сөндірушілердің жұмысына карантин шектеулері кедергі келтіргенін айтады.

25 қарашада шенеуніктер адам өліміне карантин шектеулері себеп болғанын жоққа шығарып, «өзін-өзі құтқару қабілеті төмен» тұрғындардан көрген. Әлеуметтік желі қолданушылары бұған ызаланып, Үрімжіде наразылық басталған.

Ғимараттағы өрт шешуші кезеңге айналғанымен, Қытайдың коронавирусқа байланысты қатаң шектеу шаралары шиеленістің өршуіне алып келген.

Қыркүйекте адамдарды карантин орталығына апара жатқан автобус апатқа ұшырап, 27 адам қаза тапқан. Содан кейін Чжэнчжоудағы Apple компаниясының iPhone телефонын құрастыратын зауытында мыңдаған жұмысшы мен полиция арасында қақтығыс болып, жұмысшылар шектеу шараларын алып тастауды талап еткен.

Қытай билігі zero-Covid саясатын қорғаштап келеді. Бұл ұстаным коронавирустың таралуын тоқтатуды, вирус анықталғандардың бәрін оқшауландыруды, ауыр жағдайлар мен өлімнің алдын алуды көздейді.

Қытай вакцинация науқанын жүргізіп, отандық өнім вакцинасын салған. Бірақ ол коронавирустың омикрон дейтін вариантына қарсы тұра алмайтын болып шықты. Ал шенеуніктер шектеулерді әлсіретуден қорқып отыр. Осылайша 1,4 млрд адамға табиғи иммунитет тұрғысынан қауіп төніп тұр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий