Хиджаб киген бойжеткеннің ұятсыз биі желіде үлкен дау тудырды (видео +18)

Хиджабтағы қыз. Видеодан скриншот

Ұлыбританияның Бирмингем қаласында 17 жастағы хиджаб киген қыз тверк биледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы stuki-druki.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бетперде киген жас жігітпен көпшілік алдында билеуге кіріседі. Көшенің қақ ортасында болған бұл жайт жергілікті тұрғындарға ұнамай қалған. Мұсылмандар бойжеткеннің әрекетін мәдениетсіздік деп тауып, оны сынға алды. Тіпті оған бұл жайттан кейін қоқан-лоққы көрсеткендер де табылған.

Көп ұзамай бойжеткен бұл қылығы үшін жұрт алдында кешірім сұрап, дінге сыйламастық танытқаны үшін айтарлықтай зардап шеккенін алға тартты. Белгісіз адамдар бойжеткенге бұлай билегені үшін өлтіретіндерін айтып қорқытқан көрінеді деп жазады Daily Mail басылымына сілтеме жасап life.ru.

Оқиғаның бейнежазбасы бесінші наурызда желіге жүктеліп, содан бері бойжеткен тыныштығы жоғалғанын айтуда.

Ескерту: Видеода бейәдеп кадрлар кездеседі!

Видео: Bloknot Video

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий