Таяу Шығыста кеңінен танымал ливандық әнші Хайфу Вахби ашық-шашық хиджабы үшін сынның астында қалды, деп жазады Al Arabiya English.
40 жастағы өнерпаз Facebook парақшасында өзінің атлас матасынан тігілген, хиджабқа ұқсас, арқасы ашық киіммен түскен суретін жүктеп қойған.
Жанкүйерлер әншінің фотосын діни киімді қорлау деп түсініп, наразылығын білдірді.
Вахбидің әлеуметтік парақшасында 8 миллион жазылушы бар. Ашық-шашық хиджабтың суреті 61 мың лайк жинап, әншінің образына тамсанып, қолдау білдіргендердің де пікіріне толы.
Вахби оңтүстік Ливанда шейіт пен христиан отбасында дүниеге келген. Әнші жас кезінен модель болып, 16 жасында «оңтүстік Ливанның аруы» атанған.
Дереккөз: Nur.kz