Ризо Назарзода, председатель Хорога (слева) и один из неформальных лидеров города Махмадбокир Махмадбокиров (справа)
Таулы Бадахшан автономиялық облысының орталығы Хорогтың басшысы Ризо Назарзодааймақтағы биресми лидер Махмадбокир Махмадбокировті және оның тағы алты жақтасын өз еркімен құқық қорғау органдарына берілуді талап етті.
Ол бұл үндеуін 6 ақпанда «Бадахшан ТВ» мемлекеттік арнасы арқылы мәлімдеген.
Махмадбокир Махмадбокиров жергілікті білім басқармасының басшысы Лутфулло Наврузовты соққыға жықты деп деп айыпталып жатыр. Құқық қорғау органдары оны үйінен күшпен алып кетпек болған. Бірақ халық қарсы болған. Қазір жергілікті тұрғындар өз еріктерімен оның үйін тәулік бойы күзетіп тұр.
Жергілікті билік Махмадбокировті «ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы» деп атады. Бірақ жергілікті халық бұл айыптаумен келіспейді.
Халық әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялап, Махмадбокир Махмадбокиров әділетті, үнемі халыққа көмектесіп жүретін адам деп атады. Оның ешқашан заңды бұзбағанын, керісінше заңсыздыққа қарсы күресетінін айтты.
2 ақпанда Махмадбокировке қарсы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Хорогта жағдай қайта ушықты. Былтыр қараша айында құқық қорғау органдары тарапынан Гулбиддин Зиёбеков өлтірілгеннен кейін, халық бірнеше күн бойы ереуілдеп тұрған. Билік тәуелсіз комиссия құрылды деген соң барып, халық тараған. Бірақ бұл аймақта қараша оқиғасынан кейін интернетті қоспады.