Илон Маск «қоғамға қауіпті» деп нейрожеліні оқытуды тоқтатуды талап етіп жатыр

Әлемдегі ең бай кәсіпкер Илон Маск технология саласының мамандарынан жасанды интеллект (ЖИ) жүйесін оқытуды тоқтатуды талап етіп, бұл қоғамға қауіп төндіреді деді.

Кәсіпкердің хаты Future of Life Institute ұйымының басылымында жарияланды. Оған мыңға жуық адам қол қойған.

Хатта жасанды интеллект желісі адамның дамуын тоқтатуы мүмкін делінген.

Онда сонымен бірге жасанды интеллект адамдармен бәсекеге түсуге қабылетті екенін, толық автоматтандырылған жұмыс адамның өркениетті қадағалауын жоғалтып алу мүмкін екенін айтқан.

Бұл хатқа қол қойғандардың арасында жасанды интеллект саласының ғалымдары канадалық Йошуа Бенжио мен британдық Стюарт Рассел бар.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий