Илон Маск сөз еркіндігі шектелгенін айғақтайтын файлдар жариялайды

Twitter мен Tesla қожайыны Илон Маск әлеуметтік желілерде компанияның сөз еркіндігін басуға қатысты әрекеттерін әшкерелейтін құжаттар жариялайтынын хабарлады.

Маск бұл жөнінде шағын блогында жазды. «Қоғам шын мәнінде не болғанын білуі тиіс», — дейді Маск. Бұл құжаттарда нақты кімдердің аты аталуы мүмкін екенін ол хабарламады.

Дүйсенбі күні Илон Маск Apple айфондарын өндіруші компанияның Twitter’ді App store қосымшасының дүкенінде бұғаттаймын деп қорқытқанын сынаған. Масктың мәлімдеуінше, Apple Twitter’ге қысым жасап отыр.

«Apple Twitter’де жарнамалаудың көп бөлігін тоқтатты. Олар Америкадағы сөз бостандығын жек көре ме?», — деген Маск. Сосын IT-корпорацияның басшысы Тим Куктың аккаунтын белгілеп, топ-менеджерден «Не болып жатыр?» деп сұраған.

Apple өкілдері осы жағдайға қатысты сауалдарға әзірге жауап бермеді, деп жазды Reuters.

Илон Маск өткен айда Twitter’ді 44 миллиард долларға сатып алып, штаттың жартысына жуығын қысқартты.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий