Иманғали Тасмағамбетовтің қамауға алынғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

Иманғали Тасмағамбетов. Фото: ortcom.kz

Қорғаныс министрлігі өкілдері Иманғали Тасмағамбетовтің отставкаға кеткені және оның үй қамауына алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрінің үй қамауына алынғаны туралы хабарламалар жиі жазылып жүр. Дегенмен министрліктің баспасөз хатшысы Жанар Колбачева мәліметтің жалған екенін хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған бұл хабарламалар жалған. Айта кететін бір жағдай, Қылмыстық Кодексте азаматтардың құқығына қайшы келетін жалған ақпарат таратуға жаза, айыппұл қарастырылған. Ең бастысы — қазір бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдегім келеді. Өткен аптада министрдің Сарыөзекке жұмыс сапарымен барғанын білесіздер, бүгін таңертең екі бірдей жиналыс өткізді», — деді Колбачаева телефон арқылы.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий