Ирак түрмелеріндегі әйелдер аштық жариялады

Терроризм күдігімен Ирак түрмесіне түскен әйелдер аштық жариялады. Бұл туралы Бағдаттағы «Русафа» түрмесінде отырған қырғыз әйелдері журналистерге хабарлады.

Аштық жариялағандар арасында Өзбекстан, Дағыстан, Шешенстан, Ресей, Әзербайжан және Түркия азаматтары да бар.

Әйелдер оларға тағылған айыптарды алып тастап, елге қайтаруды талап етіп отыр. Аштық жариялаған әйелдер осындай талап қойғанын Стамбулдағы дағыстан диаспорасының өкілдері растады.

Сәуірдің басында «Русафа» түрмесінде отырған 40 қырғыз әйелі журналистер арқылы үкіметке үндеу жолдаған. Әйелдер үндеуде Ирактан алып кетуді өтінген. Қырғыз әйелдерінің айтуынша, олар Сирия мен Иракқа 2014-2015 жылдары күйеулерімен бірге еріп келген. Әйелдер түрмеде жағдай жоқ екенін, бір камерада елу шақты адам отырғанын жазған. Бұның алдында олардың ата-аналары мен туыстары да үкіметтен түрмедегі әйелдерді елге қайтаруға көмектесуін сұраған.

Reuters мәліметінше, 2021 жылғы 19 наурыздағы мәлімет бойынша «Русафа» түрмесінде 494 шетел әйелі отыр. Олар Иракқа 18 елден келген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий