Иран үй жануарларын асырауға тыйым салуы мүмкін

Иран парламенті үй жануарларын асырауға тыйым салуды көздейтін заң жобасын қарап жатыр, деп хабарлады Би-би-си.

Құжат қабылданған жағдайда, елде үй жануарларын үкімет комиссиясының арнайы шешімімен ғана асыруға рұқсат беріледі. Иранға жануардың кез келген түрін, тіпті қоян мен тасқаны да әкелуге тыйым салынады. Заң бұзғандарға 800 доллар шамасында айыппұл тағайындалады. Иран билігіндегілер оларды шығыс әлеміне жат, «батыс символы» деп есептейді.

Иран ветеринарлар қауымдастығының президенті Пайам Мохебидің айтуынша, осы тақырыпқа қатысты дебаттар он жылдан астам уақыт бұрын басталған. Сол кезде заң жобасы қабылданбаған, бірақ заң шығарушылар бұл құжатқа қайта-қайта оралған. Алайда Иранда ескі көзқарас күш алған уақытта заң жобасы жақын арада мақұлдануы мүмкін.

Заң жобасы ит пен мысық қана емес, үй жануарларының басқа да түрлерін асырауға тыйым салуды қарастырады.

Би-би-си телеарнасының Теһрандағы тілшісінің хабарлауынша, Ирандағы қалаларды саябақтар мен қоғамдық орындарда итпен серуендеушілерді ұстап жатыр. Билік олардың үй жануарларын тартып алады.

Дін өкілдері иттің сілекейі мен жүнін арамға жатқызып, оларды үйде емес, аулада ұстау керек деп есептейді. Ислам мысық, құс, аламан, қоян секілді басқа да жануарларды асырауға тыйым салмайды. Мұсылмандар мысық Мұхаммед пайғамбардың сүйікті үй жануары деп есептейді.

1979 жылғы «ислам революциясына» дейін Иран шығыстағы үй жануарларына мейріммен қарайтын елдер қатарында болды. Жануарларды қорғау туралы заң Таяу Шығыста алғаш рет Иранда қабылданды. Мысықтың әлемде ең кең таралған түрі — парсы мысығы Ираннан (Персия) шықты. Теһранда парсы мысығы тарихына арналған мұражай да бар.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий