Иркутскіде үш тәжік мигрантын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Иркутск облысының соты Тәжікстанның үш азаматын қамауда ұстау мерзімін төрт айға ұзартты.

Тәжік диаспорасының басшысы Әлігер Шириновтың хабарлауынша, 12 қаңтарда сот Құрбонмад Содиковты, Далер Хасановты және Жұмабой Искандаровты 12 сәуірге дейін қамауда қалдыру туралы тергеушілер өтінішін қанағаттандырды.

Алғашқы екеуі «кісі өлтіру үшін сөз байласты» деген күдікке ілінсе, үшіншісі «бұзақылық» айыбымен тергеліп жатыр. Бірақ үшеуі деп тағылған айыптарды жоққа шығарған.

Олар Залар шағын ауданындағы құрылыс вагонында тұрған. 2021 жылғы 12 қарашада жергілікті тұрғындар вагонды өртеді. Соның ішіндегі екі тәжік мигранты қаза тапты, тағы біреуінің денесі күйіп қалды. Осы оқиғадан соң жас мигранттар қамауға алынды.

Әлішер Шириновтың айтуынша, тәжік жастарына тағылған айыптар негізсіз, олардың кінәлі еместігін төрт адвокат дәлелдеуге тырысып жүр. Тәжік дисаспорасы басшысының айтуынша, 12 қарашада үш жас жігіт екі жерлесін қорғауға талпынған. Нан сатып алу үшін дүкенге барған мигранттарға Залар шағын ауданының мас тұрғындары тиіскен.

Алайда тергеушілер тәжік мигранттары жергілікті тұрғындарды өлтіру мақсатында төбелес шығарғы деп отыр.

Мәліметтерге қарағанда, ресейлік құқық қорғау органдары жаппай төбелеске қатысқан, вагонды өртеген деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды ұстаған, тағы үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий