L-410 екімоторлы жолаушылар ұшағы Иркутсіде апатты жағдайда қонған. Бортта 14 жолаушы және екі экипаж мүшесі болған. Үш жолаушы мен бір ұшқыш қаза тапқан.
«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, ұшақ тайгада апатқа ұшыраған. Бір жолаушы туыстарына хабарлап үлгерген.
ТАСС хабарлауынша, төтенше жағдай қызметі тұман кезінде жерге қонған сәтте ұшқыш қателік жіберген немесе қозғалтқыш істен шығуы мүмкін деген болжам айтқан.
Ресейдің төтенше жағдай қызметінде 2021 жылдан бері онға жуық ұшақтың апатты жағдайда қонғаны тіркелген.
Let L 410 Turbolet — жергілікті әуе желісіне арналған көпмақсатта жұмсалатын екімоторлы ұшақ. Чехияның Let Kunovice (қазіргі атауы — Aircraft Industries) зауытында жасалып шыққан. 1500 шақырымға дейін 19 жолаушыны немесе 1800 келі жүк тасуға шамасы бар.
2018 жылдан бері Ресей де L 410 ұшағын құрастыратын болған.