Іші пысқан байдың балалары 110 мың долларлық көлікті ермек үшін өртеп жіберді (видео)

Өртеу сәті. Видеодан кадр

110 мың долларлық көлікті ермек үшін өртеп жіберген байдың балалары көпшіліктің таңданысын тудырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалталы жастар бұл әрекетінің видеосын Instagram желісінде жария еткен. Қымбат көліктерді өртеп, қыруар қаражат тұратын сағаттарды әжетхана суына ағызып жіберуді олар ермекке айналдырған.

Mercedes көлігін өртеген жігітті жұрт байлықтан басы айналғандар қатарына қосты. Пікір қалдырушылардың дені жастардың байлығымен осылайша мақтанғанына күйінген. Олар ақшасы қалтасына сыймай бара жатса, көмекке мұқтаж жандарға беруге болатын еді деген ойларын алға тартқан.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий