Ислам Каримовтің қызы әкесінің зиратында көз жасын тоқтата алған жоқ

Ислам Каримовтің қызы. Фото: centralasian.org

Қыркүйекте қайтыс болған өзбек президенті Ислам Каримовтің кенже қызы Лола анасы және күйеуімен бірге әкесінің зиратына барды. Әкесіне деген сағынышын ол әлеуметтік желі оқырмандарымен бөлісті деп хабарлайды centralasian.org.

Лола Каримова-Тилляева сағынышын Instagram парақшасында жазды. Ол Самарқан қаласына жерленген әкесінің зиратына барғандағы әсерін сөзбен жеткізу мүмкін еместігін айтты. Туған-туыстардың барлығы әкесін қатты сағынғанын жазды.

Лола зират басына ұшып келген ақ көбелек туралы жазды. Көбелекті көрген ол Ислам Каримовтің жағдайы қазір жақсы екенін білдереді деп жорыды, әкесі мәңгілік жүрегінде сақталатынын айтты.

Өзбекстанның алғашқы президентін жерлеу рәсіміне 3 қыркүйекте мыңдаған адам жиналды. Ислам Каримовтің өліміне қатысты аза тұту бірнеше күнге созылды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий