«Ислам мемлекеті» жетекшісінің ұрыста мерт болғанын, орнына жаңа басшы келгенін хабарлады

Әлемнің көптеген елдері террористік ұйым деп таныған «Ислам мемлекеті» сәрсенбі күні топ жетекшісі Әбі Хасан әл-Хашими әл-Кураши мерт болғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде «Ислам мемлекетімен» байланысты делінетін аккаунттар жариялаған мәліметте ұйымның бұрынғы басшысы ұрыста мерт болғаны айтылған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Ұрыстың қайда және қашан болғаны туралы мәлімет жоқ. Әбу әл-Хусейн әл-Хусейни әл-Кураши топтың жаңа басшысы атанған. «Ислам мемлекетін» бұған дейін әл-Кураши тегі бар екі адам басқарған. Сарапшылар бұны лақап ат болуы мүмкін деп топшылайды. Үшінші әл-Курашидің кім екені әзірге беймәлім.

«Ислам мемлекетіне» осымен төртінші жетекші келді. Ұйымның алғашқы екі басшысы — Әбу Бәкір әл-Бағдади мен Әбі Ибрагим әл-Хашеми әл-Кураши АҚШ әскерінің арнайы операциясы барысында өлтірілді. Әбі Ибрагим әл-Курашидің көзі жойылғанын АҚШ президенті Джо Байден 2022 жылғы 3 ақпанда хабарлады.

«Ислам мемлекеті» 2010-жылдардың орта тұсында Ирак пен Сирияның ауқымды аумағына бақылау орнатқан. АҚШ пен оның одақтастары, Ирак армиясы, Түркия, Сирия үкіметінің Ресей қолдауына ие күштері жүргізген әскери науқан нәтижесінде ұйым ықпалын жоғалып, партизандық соғысқа көшті. «ИМ» жақтастары Африкада да қарулы күрес жүргізіп, Еуропада әлсіз-әлсін теракт ұйымдастырып тұрады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий