Ислам ойындары: қырғыз балуандары алтын алды

Түркияның Конье қаласында өткен V Ислам тілектестік ойындарында қырғыз балуандары Эрназар Акматалиев пен Айсулуу Тыныбекова алтын алды.

Эрназар Акматалиев финалда 70 келіге дейінгі категория бойынша ирандық Хосейнді 6:0 есебімен жеңген. Финал алдында ол түркіменстандық Мекан Оразовты, тәжікстандық Жамшед Шарифовты жеңді.

Сол күні тағы бір қырғызстандық Айсулуу Тыныбекова 62 келіге дейінгі категория бойынша гвинейлік Фатумату Камара Яриені 11:0 есебімен жеңіп, Ислам ойындарының жеңімпазы атанды. Ол финал алдында қазақстандық Ирина Кузнецованы тізе бүктірді.

Осылайша Айсулуу Тыныбекова Ислам ойындарында екінші рет жеңіске жетіп отыр. Соңғы рет 2017 жылы Бакуде өткен жарыста алтын алып келген.

Әзірге Қырғызстанның қоржынында екі алтын, бір күміс және бір қола бар. 10 тамызда Алмаз Сманбеков (57 кг) күміс, Нуртилек Карыпбаев (86 кг) қола алған.

Ислам ойындарына әлемнің 56 елінен 4000 қатысушы спорттың 20 түрінен жарысып жатыр. Жарыс 18 тамызға дейін созылады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий