Испанияда аптап ыстықтан 360 адам қайтыс болды

Испания халық денсаулығын сақтау институтының хабарлауынша, елдегі аптап ыстық қазірдің өзінде 360 адам қайтыс болды.

Испанияда бір ғана жұма күні 123 адам ыстықты көтере алмай өмірден озған. Еуропаның оңтүстігінде 8 шілдеден бері күн ыстық болып тұр, Испанияның кейбір аймақтарында ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілді.

Португалияда да аптап ыстықтан кісі өлімі көбейді. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7-13 шілдеде елде 238 адам ыстықты көтере алмай қайтыс болған. Олардың дені — созылмалы ауруы бар егде жастағы адамдар. 14 шілдеде Португалияда ауа температурасы 47 градусқа жетті. Елде мұндай аптап ыстық ешқашан тіркелмеген.

Еуропаның оңтүстік-батысында ормандар өртеніп жатыр. Францияда 14 мың адам өрт қауіпі жоғары аймақтардан басқа жерге көшірілді. Бұл елде 10 мыңнан астам гектар жер өртеніп кетті.

Ұлыбританияның бірнеше аймағы мен қаласында, соның ішінде Лондон, Йорк және Манчестерде төтенше жағдай жарияланды. Ұлттық метеорология қызметі тарихта алғаш рет қауіптің «қызыл» деңгейін жариялады.

NASA мамандары Еуропадағы ыстықты климаттың ғаламдық өзгеруімен байланыстырып отыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий