Италияда кеме аударылып, 60 адам қаза тапты

Италияда теңіз жағасында мигранттарды тасыған кеме аударылып, кемінде 59 адам қаза тапқан, арасында балалар бар.

80 адам аман қалған, 20-сы ауруханаға жатқызылған. Аман қалғандардың айтуынша, кемеде жалпы 140-150 адам болған.

Кеме бірнеше күн бұрын Түркияның Измир қаласынан бет алған екен. Италияның Калабрия провинциясында апатқа ұшыраған. Кемеде Ауғанстан, Пәкістан, Иран және Сомали елдерінің азаматтары болған.

Италия – Таяу Шығыс және Африка елдерінен келетін заңсыз миграцияның басты орны. Мигранттардың көбі кеме және қайық арқылы Еуропаға заңсыз келуге тырысады.

Missing Migrants Project ұйымының мәліметінше, 2014 жылдан бері Жерорта теңізін заңсыз кесіп өтуге тырысқан 20 333 мигрант қаза тапқан және жоғалып кеткен.

Италияның премьер-министрі Джордж Мелони заңсыз миграцияға тыйым салуды күшейткелі отыр. Ол мигранттарды Еуропаға әкелуге көмектесетін үкіметтік емес ұйымдарды сынға алды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий