Италиялық тұрғын 8 наурызда сүйіктісіне өз бүйрегін сыйға тартты

Дәрігерлер. Көрнекі фото: ria.ru

Италияның 52 жастағы тұрғыны 44 жастағы сүйіктісіне сегізінші наурызда өз бүйрегін сыйлады. Бұл туралы NUR.KZ порталы ria.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әдетте ер азаматтар ғашығына бұл мейрамда бір шоқ гүл сыйлайды. Ал туриндік Molinette емханасындағы науқас әйелге жасалған сыйлық жергілікті халықтың жүрегін елжіреткен. Әйел бүйрегі істен шыққандықтан, шұғыл жаңа бүйрек салдыруы тиіс еді.

Бұдан хабардар болған сүйіктісі өз бүйрегінің жарайтынын білгеннен кейін, оны әйелге салдыртқан. Дәрігерлер бүгінде екеуінің де жағдайы жақсы екенін айтуда.

Ақ халаттылар жүрегі махаббатқа толы азаматтың сыйлығын сегізінші наурызда берілген ең керемет сый деп мақтауда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий