Израиль билігі Гольбоа жотасындағы түрмеден қашқан алты тұтқынды іздестіріп жатыр.
Тұтқындар бірнеше ай бойы өздері отырған камерадан қасықпен жер асты жолын қазған.
וכך זה נראה מתוך תא 2 אגף חמש בכלא גלבוע.
פיר מנהרה בשירותים שהוביל אל מחוץ לחומות הכלא pic.twitter.com/IsKfG8B56R— Josh Breiner (@JoshBreiner) September 6, 2021
Қашқындардың арасында «Әль-Акса бригадасының» лидері Захария Збейди бар. Ол бірнеше Израиль азаматтарын өлтірді деп айыпталған. Қалған бесеуі – «Ислам жиһады» қозғалысының мүшелері. Олардың бәрі өмір бойы түрме жазасына кесілген.
«Шин Бет» қауіпсіздік қызметі олар түрмеге заңсыз кіргізілген мобилді телефонмен сырттағы адамдармен байланыста болған деп есептейді. Тунель сыртында оларды көлік күтіп тұрған деп болжайды.
Қазір Израильде тұтқындарды ұстау операциясы жүріп жатыр. Билік олар Иорданияға өтіп кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Себебі, қазылған тунельден Иордания 14 шақырым қашықтықта орналасқан.
ХАМАС өкілдері тұтқындардың қашуын «үлкен жеңіс» деп мәлімдеді.