Көлеңкелі инвестор Хабибула Абдуқадырдың отбасы өзбек билігінің әріптесі болды

2019 жылы OCCRP Хабибула Абдуқадырдың Орталық Азияда жемқор кеден қызметкерлерінің қолдауымен құрған сауда империясын әшкереледі. Бұрынғы қызметкері Абдуқадыр мен оның отбасын заңсыз табыс тауып, жүздеген миллион долларды жымқырды деп айыптады.

Олар заң алдында ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ, керісінше, әлем бойынша беделді жобаларға инвестиция салып, ықпалын арттырды.

Хабибула Абдуқадыр есімді тасадағы магнат біраз жыл бойы жемқор кеден қызметкерлерінің араласуымен Қытайдан Орталық Азияға келетін тауар импортын қадағалайды: киім-кешектен бастап электроника құрылғыларына дейін.

Ол орасан зор байлыққа кенеліп, ықпалды одақтастар тапты. Абдуқадырға жұмыс істеген ақша жымқырушы оның тапсырмасымен жүздеген миллион долларды шетелге шығарғанын айтты. OCCRP бұл желіні әшкерелегенде, оның биліктегі басты жебеушісі жемқорлық жасағанын мойындап, санкциялар тізіміне енді.

Биліктегілер оларға қатысты бір шара қолданды деп ойласаңыз, қателесесіз.

Ештеңеге қарамастан, Хабибула Абдуқадыр мен оның туыстары астыртын операцияларын әлемдік іскерлік империяға айналдырды.

Бұл зерттеу контрабанда империясын құрды деген айыпқа ілінген Абдуқадыр мен оның бауырларының ірі кәсіпкер атануына ештеңе кедергі болмағанын баяндайды. Ал олардың ақшасын Орталық Азия елдерінің билігі ықыласпен қабылдады.

«Орталық Азияның көлеңкелі инвесторы» жобасы – OCCRP, «Радио Озодлик» (Азаттық радиосының Өзбек қызметі), «Власть» (Қазақстан) және «Клооптың» (Қырғызстан) бірлескен журналистік зерттеуі.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий