Қалалық құтқару қызметі өзен ортасындағы аралда қалған тұрғынды құтқарды. Ол мас күйде болған.
Өскеменде ішімдік ішкен ер адам досымен ерегесіп қалып, көпірден секіріп кеткен. Абырой болғанда суға батпай, жағаға шыққан. Үсті-басы су болған ер адам өзеннің ортасындағы аралда төрт сағат бойы көмек күтіпті. Зардап шегушіге төтенше жағдайлар қызметі қайықпен жеткен, деп жазады «Қазақстанның бірінші арнасы».
ӘДІЛЕТ НАҚҚАЖЫН, ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:
Оқиға орнына бардық, барсақ кісі аралда бір кісі отыр екен. Қайық түсіріп, қайықпен алып шықтық. Барған кезде үсті басы су, қайыққа өзі келіп отырда. Жағаға алып шығып, жедел жәрдемге апарып тапсырдық.
Азаматтың сөзіне сүйенсек, белгісіз біреу оны соққаға жығып, көпірдің үстінен өзенге лақтырып жіберген. Алайда, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғаған полицейлер: ішімдік ішкен ер адам досымен сөзге келіп, кейін өзі көпірден секіріп кеткенін анықтады. Енді зардап шегуші жалған сөйлегені үшін 6 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді не болмаса 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.
Фото:newstes.ru