Күйеуін 70 жерден пышақтап өлтірген қостанайлық келіншек 15 жылға сотталды

Адам өліміне қатысты істі қараған сот Светланың асырауында кәмелетке толмаған екі жас бала бар екенін ескеріп, оған сыбайласынан аз мөлшерде жаза кескенін түсіндірді.

Қостанайда мамандандырылған ауданаралық сотта апалы-інілі Николай және Светлана Лапшиндердің ісі қаралып, екеуіне ортақ 32 жыл жаза кесілді, деп хабарлайды Baq.kz агентігінің өңірдегі тілшісі.
Сот залында адам өліміне қатысы бар ағайындылардың жасаған қылмысы толық дәлелін тауып, 29 жасар Николай Лапшин 17 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болса, әпкесі Светлана Лапшинаға сот 15 жыл жаза кесіп, үкім шығарды. Оларды сот Қазақстан Республикасының ҚК-нің алдын ала сөз байласып, қылмыстық топ құрып аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпты деп тапты.
«2006 жылдан Светлана Лапшина Зарковпен азаматтық некеде тұрған. Лапшинаның бұрынғы күйеуінен кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар. Осы уақыт аралығында қаза тапқан Зарков қызғаныштан әртүрлі сылтауларды желеу етіп Светланаға жиі қол жұмсап отырған. Азаматтық некедегі күйеуінің көрсеткен қорлықтарына шыдамаған Светлана інісіне шағымданады. Осы жылдың 9 сәуірінде інісі әпкесінің үйіне қонаққа келіп отырғанда, ішімдікке тойып алған Зарков әпкесінің намысына тиіп, балағаттайды. Бұл ұрыс-керістің соңы жанжалға ұласады. Шыдай алмаған Николай әпкесіне болысып, Зарковты соққыға жығады. Кейін ызаға булыққан Николай әпкесінің азаматтық некедегі күйеуінің көзін құрту жөнінде ұсыныс жасайды. Светлана інісінің ұсынысын ойланбастан қабыл алады. Осылайша, әпкесі Зарковтың басы мен мойын тұсына 70 рет пышақ салады. Осыншама жарақат алғаннан кейін Зарковтың тірі жатқанын көрген Николай жасаған қылмыстарының ізін суыту мақсатында жездесін өлтіруге түбегейлі шешім қабылдап, балғамен басына бірнеше рет соққы жасаған. Алдында алған пышақ жарақаттарынан қансырап жатқан Зарков басынан тиген ауыр соққыдан көз жұмады», — дейді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Индира Құсайынова.
Ал жасаған қылмыстарының қаншалықты ауыр екендіктерін сезіп, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында іске Светлананың кәмелеттік жасқа толмаған балаларын араластырады. Олар өз қолымен өлтірген Зарковтың жансыз денесін үйінен көрпеге орап алып жығып, адам аяғы баса бермейтін, қаңырап қалған ғимаратқа тастап кеткен.
Адам өліміне қатысты істі қараған сот Светланың асырауында кәмелетке толмаған екі жас бала бар екенін ескеріп, оған сыбайласынан аз мөлшерде жаза кескенін түсіндірді.
Мешіт Ғазиз
Фото: Baq.kz
Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий