Жексенбі, 9 мамырда Ауғанстан астанасында содан бір күн бұрын жасалған теракті салдарынан қаза тапқандарды жерледі.
Сенбі күні түстен кейін Кабулдың батыс бөлігіндегі, негізінен исламның шиит бағытын ұстанатын хазарилер тұратын Даше-е-Барчи ауданындағы Саид әл-Шухада мектебінің қасында бірнеше жарылыс болған.
Қазіргі мәлімет бойынша, кемінде 50 адам мерт болып, 100-ден астам адам жараланған. Мерт болғандардың көбі – мектепте оқитын қыз балалар.
Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарик Арианның хабарлауынша, әуелі автокөліктегі бомба жарылған, ізінше оқушылар мектептен қашып шыға бастағанда тағы екі жарылыс болған.
Әлеуметтік желілерде тараған видео мен фотоларда теракті болған жерде қанға боялған оқу құралдары, жарылыстан соң әуеге көтерілген түтін көрінеді.
Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Ауғанстан билігі шабуылды тәліптерден көреді. «Талибан» қозғалысы бұл терактіге қатысы жоғын мәлімдеді.
Бұл соңғы бірнеше айдың көлемінде Кабулдаағы ірі қантөгіс оқиғалардың бірі болып отыр.