Кабулда теракт болып, 60-тан астам адам қаза тапты (фото)

Фото: AFP

Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 60-тан  асты, ал 207 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости.

Белгілі болғандай, Кабулда электр тарату желісінің құрылысына қарсы ереуіл кезінде екі  ірі жарылыс болған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылды 3 лаңкес ұйымдастырмақ болған. Алайда бірінің жарылғышы іске қосылмай қалады. Ал үшіншісін күш  құрылымдары атып өлтірген.

Фото: Twitter
Фото: AP

Рейтер агенттігі жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы  мойнына алды деп хабарлауда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий