Канадада жүргізуші он адамды қасақана басып өлтірді

Жүргізушінің кім екені анықталды – ол 25 жастағы жігіт болып шықты, мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз.

Канаданың Торонто қаласында жүргізуші бір топ адамды қасақана басып кетті, деп мәлімдеді жергілікті полицияның басшысы Марк Саундерс. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

«Куәгерлердің сөзіне сүйенетін болсақ, бұл қасақана жасалған әрекет екені түсінікті, тіпті солай деп мәлімдеуге де болады», — деді Саундерс.
Полиция басшысы журналистердің «оқиға теракт емес пе?» деген сұрағына жауап бере келе, Канада қоғамдық қауіпсіздік министрі Ралф Гудэйлдің «оқиғаның ұлттық қауіпсіздікке қатысы жоқ» деген сөзін алға тартты.

Торонтода шағын автобус жаяу жүргіншілерді басып кетті – он адам қаза болды, тағы 15-сі зардап шекті. 25 жастағы жүргізуші Алекс Минассян неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий