Кемероводағы өрт құрбандарының саны 50-ден асты

Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда-ойын-сауық орталығында жексенбі күнгі өрттен опат болғандар саны қ орталығында жексенбідегі өрттен опат болғандар саны 53-ке жетті. 11 адамды туысқандары таппай отыр. Бұл туралы ТАСС төтенше жағдайлар жөніндегі шұғыл штабқа сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу комитеті 53 адамның опат болғанын растады. Бұдан бөлек 48 адам зардап шеккен. 12 адам ауруханада жатыр, солардың екеуінің жағдайы ауыр, біреуі – бала. Бұған дейін Ресейдің Тергеу комитеті өрттен тоғыз бала мерт болғанын хабарлаған еді.

Марқұмдарды жерлеу шығынын облыстық бюджет көтереді, олардың отбасылары бір миллион рубльден алады, деп хабарлады Кузбасс губернаторы Аман Төлеев. Өрттен губернатордың 11 жастағы туысқаны қаза болған.

Шұғыл штаб сауда орталығындағы өрт сөндірілгенін, қалдықтарды ашу жұмыстары басталғанын хабарлады. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер сауда орталығындағы барлық бөлмелерді тексеріп шыққан, бірақ ешкім табылмаған, деп хабарлады ТАСС шұғыл штабқа сілтеме жасап. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері өрттің бірнеше нұсқасын ұсынған: электр желісінің ақауы, өртпен ойнау, әдейі өртеу.

Кемерово облысының вице-губернаторы Владимир Черновтың мәлімдеуінше, өрт сауда орталығындағы балалар батуты залынан шыққан, бәз біреу осында жандырғыш алып кірген. Кейінірек өрт кинотеатрдан шыққан болуы керек деп хабарланды. Қылмыстық іс қозғалды. Төрт адам тергеуге алынған, олардың ішінде сауда орталығының қожайыны Надежда Судденов бар.

centralasian.org

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий