Фото Instagram парақшасынан алынды
«Кешью» тобының соңғы құрамы асығыс жасақталған болатын. Ал бұл жолы мен асықпаймын. Әндерді толықтай қайтадан жазып, сахна киімдерін де жаңадан тіктіреміз. Ал топтың жаңа құрамын наурыз айында жариялайтын боламын», — деп мәлімдеді ол.
Сонымен бірге, ол Ақбота топтан кеткенде алғаш рет келісімшарт бойынша әрекет етуге шешкен.
«Бұл жолы мен келісімшартқа қарай әрекет етпек болдым. Мен бірінші рет бұл қадамға барып отырмын. Ақботаның болашақ жары, әдеуір жасқа келсе де, қыздың келісімшарты бар екенін ескермеген. Сол үшін де мен Ақботамен емес, сол кісімен сөйлестім. Себебі, ұсыныс тастап, үйленудің алдында келісімшарт дегеннің не екенін, Ақботаның өзгенің бизнесі, жұмысы екенін ұғынып алуы керек болатын», — деп түсіндірді Баян.
«Сондықтан мен онымен бітімге келіп, белгілі бір сомадағы өтемақыны төлеп беретін болып келістік. Бір айта кетерлігі, қаражатты ол бөліп-бөліп төлейтін болды. Себебі, ол олигарх емес. Ондай соманы бірден төлеп бере алмайды. Мен келістім, сөйтіп ол ай сайын төлеп отыратын болды», — деді продюсер.