Киев 48 сағат ішінде Мәскеу және ЕҚЫҰ-на мүше елдермен кездесуді сұрады

Украина 48 сағат ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше елдердің және Ресейдің өкілдерімен кездесуді сұрады.

Бұл жөнінде Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба твиттерге жазды.

Ол бұл ұсынысты 2011 жылғы қауіпсіздік пен сенімді нығайту жөніндегі халықаралық келісім негізінде жасап жатқанын айтты. Киев Мәскеуге жазған хатына ресми жауап болмағандықтан осы шараға барып отырғанын жеткізді.

«Ресей біздің Вена құжатына қатысты сұрауымызға жауап бермеді. Біз келесі қадамды жасап отырмыз. Украина Ресейді және ЕҚЫҰ-ға мүше елдерді 48 сағат ішінде кездесуге шақырып, Мәскеудің Украинамен шекараға және тартып алынған Қырым маңына әскерін күшейтіп отырғанын себебін талқылауды ұсынамыз, — деп атап өтті Кулеба. — Егер Ресей ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздікке салмақты қарайтын болса, біздің сұрауымызға жауап беруі тиіс».

ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Вена құжатына 2011 жылы қол қойған. Онда тараптар өзінің әскері жайында бір-біріне мәлімет беріп отыруы тиіс.

Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобының мәліметінше, Ресей әскери техникасын Украинамен шекараға әлі тасып жатыр.

Бұл 13 ақпанда Беларусьпен бірге бастаған әскери жаттығу аясында жүзеге асып жатыр.

13 ақпанда лизинг берушілер Украина аймағындағы ұшақтарын қайтаруды талап етіп жатқаны белгілі болды. SkyUp әуе компаниясының мәліметінше, әлемдегі ірі сақтандыру компаниясы бірер күн бұрын украиндік әуе тасымалдаушыларға 48 сағат ішінде ұшақтарды сақтандыруды тоқтататынын мәлімдеген.

Вашингтон Ресей Украинаға шабуылды қысқа Олимпиада жүріп жатқан кезде бастауы мүмкін деген. Бейжіңде Олимпиада ойындары 20 ақпанда аяқталады.

АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Еуроодақ елдері азаматтарын 48 сағат ішінде Украинадан кетуді талап етті.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий