Киев облысында балабақша маңына тікұшақ құлады. Украина ішкі істер министрлігінің басшылары опат болды

Украинаның Киев облысында Бровары қаласында 18 қаңтар таңертең балабақша маңына тікұшақ құлады. Ғимаратта өрт басталған. Әзірге толық емес мәлімет бойынша, 18 адам қаза болған, екеуі – бала. 22 адам ауруханаға жеткізілген.

Украина телеграм-арналары ұлттық полиция жетекшісі Игорь Клеменкоға сүйене отырып, тікұшақта ішкі істер министрін есептегенде барлығы 9 адам болғанын хабарлады. Украина ішкі істер министрі Денис Монастырский мен бірінші орынбасары Евгений Енин қаза болған.

Киев облысы әкімшілігінің жетекшісі Алексей Кулебаның айтуынша, тікұшақ балабақша мен тұрғын үй арасына құлаған. Кей ақпаратқа қарағанда, тікұшақтың бір бөлігі балабақша аумағына құлаған, машинаның басым бөлігі үй маңындағы аумақта қираған.

Балабақшада балалар мен тәрбиешілер болған. Олар эвакуацияланған.

Тікұшақтың құлауына не себеп болғаны айтылған жоқ.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий