Киев Запарожье бағытындағы алғашқы селоны азат еткенін хабарлады

Иллюстративное фото

Украина қарулы күштері Запарожье облысында Пятихатки селосын азат еткен. Бұл жөнінде Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр мәлімдеді. Украина қарулы күштері майданның бұл бағытында алғашқы жеңісіне жеткен.

Аталған селоның Украина қарулы күштерінің бақылауына өткені туралы бір күн бұрын Ресей тағайындаған облыстық әкімшілік басшысы Владимир Рогов мәлімдеген және ресейшіл әскери блогерлер де хабарлаған.

Жексенбі күні таңертең Реесй қорғаныс министрлігі бұл елдімекенге жасалған шабуылға тойтарыс берілді деген болатын.

Анна Малярдың 19 маусымда таңертең жазғанына қарағанда, Украина әскері бір апта ішінде сегіз елдімекенді азат еткен. Оған дейін жеті селоны босатқаны хабарланған еді.

Соғыс жағдайында бұл ақпараттарды тәуелсіз көздерден тексеру мүмкін емес.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий