Кінәні жәбірленушіге артпақ болған полицей ұятқа қалды

Көрнекі фото: baq.kz

Қызылорда қаласында жол ережесін бұзған полиция қызметкері көлік апатын жасады. Жол сақшысы заңды өрескел бұзғанымен қоймай, патрульдік автокөлікке соғылған Лексус GX 470 көлігінің иесіне бар кінәні артпақ болған деп хабарлайды Baq.kz.

Абырой болғанда, әділдік іздеген жүргізуші өзінің басын арашалап алды. Көшенің бойындағы дүкеннің сыртына қойылған бейнетаспаға оқиға жазылып қалған екен. Жәбірленуші сол бейнежазбаны көрсетіп мәселенің ақ-қарасын айтып берді.

«Бейнежазбада кімнің айыпты екені анық көрініп тұр. Ереже бойынша көше жиегіндегі көліктер көше бойында жүріп бара жатқан көліктерді өткізуі керек. Ал, жол сақшылары олай етпеді, кесе-көлденең алдымыздан шыға келді. Соғып кеттім. Болар іс болды ғой, бірақ, мені ашындырғаны, көлікті тізгіндеген Еркебұлан және Ислам есімді полиция қызметкерлері «сен ережені бұздың», «бізге ештеңе істей алмайсың» деп өзіме бас салды.

Білуімше, патрульдік көліктерде қызмет бабында видеотіркегіш қосылып тұруы тиіс. Ал олар болса, оны «істемейді», «өшіріп тастадық» деп сылтау айтты. Мына видео болмағанда, біздің кінәсіздігімізді дәлелдеу мүмкін емес еді. Сол жерде орналасқан магазин иесіне рахмет», – деген Сәкен Кенжеев көлігіне келген зардаптың шығынын өтеуді сұрап отыр.

Сонымен қатар, «халықтан заңды талап еткенше, жол полицейлері ережені өздері сақтап жүрсе» деген тілегін де жеткізді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий