Кір жуғыш машинада қамалып қалған бөбекті құтқарған ит жұлдыз болды (фото)

Ит. Фото: standard.co.uk

Британияда Тедди атты ит өз иесінің 5 жасар баласын ажалдан аман алып қалды деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға барысында бала тұрмыстық техниканың ішіне кіре салысымен, машина өздігінен іске қосылып, бөбекті айналдыра бастаған. Райлидің сыртқа шыға алмай, қиналып жатқанын көрген ит мазасызданып, барынша қатты үрген.

Баланың ата-анасы болса, тек сол кезде ғана Райлидің жоқ екендігін байқап, кір жуғыш техникаға қарай жүгіріпті. Ақыры үстін күйік шалған бала ауруханаға түсті.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий