Конституциялық сотқа сайлауға қатысты 21 арыз түскен

Қазақстанның Конституциялық сотына өткен мәжіліс және мәслихат сайлауларына байланысты азаматтардан 21 арыз түскен.

Бұл жөнінде Конституциялық кеңестің баспасөз қызметі хабарлады. Оның 13-і кері қайтарылған. Себебі, ондағы талаптар Конституциялық кеңестің құзыретіне кірмейді делінген.

Шағымның тағы екеуі талапқа сай қателерді түзеу үшін кері қайтарылған. Қалған бес шағымның қаралып жатқаны айтылған.

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 19 наурызда өтті. Ресми қорытындыға сәйкес, биліктің «Аманат» партиясы парламенттегі 98 орынның 60-ын алды.

ЕҚЫҰ бақылаушылары дауыс бергендер саны саналған бюллетендер санынан аз болғанын атап өтті.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий