Қырғызстанның Конституциялық соты балаларына анасының тегін беруді қалаған белсенді Алтын Қапалованың өтінішін қабылдады. Осыған дейін оның өтінішін Жоғарғы сот кері қайтарған.
Оның айтуынша, «Азаматтық хал актілері бойынша» заң аналарды әкелерді тең қарамайды. Әке мен шеше балаларға қатысты тең міндетті алғанымен, аналарға балаларына өзінің тегін беруге тыйым салынады.
2021 жылдың басында Алтын Қапалова балаларының туу туралы куәлігін өзгертіп, тегіне өзінің атына жаздырған. Қапалова мұны балаларын олардың әкесінсіз, тек өзі асырап отырғанымен түсіндірген.
Кейін жергілікті билік мұның заңға қайшы екенін айтып, белсендіні сотқа берген.
Бұл іске қатысты сот процесі 2021 жылдың тамыз айында басталған. Сол кезде Бішкектің Октябрь аудандық соты балалардың тегін ауыстыру жөніндегі шешімді кері қайтарған. Кейін жоғарғы инстанциялар да сот шешімін өзгеріссіз қалдырып келген.