Конституциялық кеңес Ата заңға енген өзгерістерді құптады

Кадр КТК арнасынан алынды

Конституциялық кеңес Ата заңға енген өзгерістерді құптады. Сөйтіп, заңның заңдылығын қарайтын орган конституцияға енгізілген өзгерістерден ешқандай қайшылық таппапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Енді оған президент қол қоюы тиіс. Айта кетейік, Ата заңға 26 өзгеріс енгізіліп, президент 35 түрлі билігін Үкімет пен Парламентке теңдей бөліп берген. Оған сай, енді Елбасы Қорғаныс, Сыртқы істер мен Ішкі істер министрін ғана тағайындайды.

Қалған министрлерді премьер депутаттармен келісіп таңдауы тиіс. Және алғаш рет заңға Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі және Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп жазылды.

Өзгерістерді үш күн бұрын Парламент мақұлдағанын айта кетейік.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий