Оңтүстік Корея Парламенті 68 сағатқа созылатын жұмыс аптасын қысқартуды ұйғарды.
Оңтүстік Корея Парламенті 68 сағатқа созылатын жұмыс аптасын қысқартуды ұйғарды, бұл аптасына 6 күн 11 сағаттан астам жұмыс уақыты. Қазір кәрістер тек 52 сағат жұмыс істейді, оның 40 сағаты міндетті жұмыс уақыты болса, 12 сағаты үстеме жұмыс уақыты болып саналады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru сайтына сілтеме жасап.
Осы жылдың шілде айында бұл заң күшіне енеді және заң алдымен ірі компанияларға ғана қатысты болса, уақыт өте келе жекеменшік кәсіпорындарға да қатысты болады.
Жұмыс аптасының азаюы Оңтүстік Кореяның президенті Мун Джейндің сайлау алдындағы бағдарламасының бөлігі болды. Билік өкілдері бұл заң елдің демографиялық жағдайына оңды әсер етеді деп санайды. 80-90 жылдар аралығындағы экономикалық өсім кезінде туу деңгейі күрт төмендеп, күні бүгінге дейін құлдырап келе жатыр.
Оңтүстік Кореядағы жаңа жұмыс аптасы 40 жұмысшы және 12 үстеме жұмыс уақытынан тұрады. Жаңа заң шарттарымен жұмыс істейтін кәсіпорындар бұрынғы өндіріс көлемін сақтап қалу үшін шамамен 11 миллиард доллар жұмсауға тура келеді. Дегенмен, бұл шешім еңбек өнімділігін арттыруға және елдегі жұмыссыздықты төмендетуге тиіс.