Президент России Владимир Путин на ежегодной пресс-конференции
Кремльде 2024 жылғы президент сайлауына дайындық басталғаны жайында РБК агенттігі сенімді бұлақтарына сүйеніп хабарлады.
Онда Владимир Путинді ұсыну сценарийлері талқыланып жатыр.
«Әзірге басқа балама жоқ», — деген дереккөз.
Президенттік сайлау кампаниясының басталу мүмкіндігі желтоқсан айының ортасында Мәскеу ауданындағы Сенеж басқару семинарында талқыланған. Оған Кремльдің ішкі саяси блогының және «Единая Россия» блогының жетекшілері қатысқан.
Жиынның өткені жайында мәліметті РБК-ға төрт түрлі сенімді бұлақ растаған.
Олардың сөзінше, президенттікке үміткердің аты-жөні айтылмаған, тек саяси күресті жалғастыру мәселесі сөз болған.
Владимир Путин 2024 жылы президент сайлауына қатысу-қатыспауын әзірге шешпегенін айтқан.
Осыған дейін Ресейде қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, Путин 2036 жылға дейін президент сайлауына түсе алады.